Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Спорт арқылы алдын алу іс-шаралары

ЖОО-да Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған спорттық-ақпараттық жиын өтті. Оған Петропавл қаласындағы университет пен колледж студенттері, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының студенттері қатысты. Шараның басында СҚО ЖИТС орталығының мамандары қатысушылар үшін интерактивті дәріс өткізді. Білім алушылар АИТВ-ның ағзаға әсері, вируспен ауырған адамдардың өмірлері жайлы, алдын алу шаралары туралы білді.

Әрі қарай студенттер эстафетаға, спорттық командалық ойындарға қатысты. Ең бастысы ұйымдастырушылар білім беру және спорттық шаралар арқылы қатысушыларға өз денсаулығына қамқорлық жасаудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын жеткізуге тырысты.Сонымен қоса,өңірдің спорттық және шығармашылық ұжымдарының көрме қойылымдары ұсынылды.

22.11.2024