"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

Булаев қаласына кәсіптік бағдар беру сапары

Мағжан Жұмабаев ауданынан келген талапкерлер, Қозыбаев университетінің білім беру бағдарламалары мен Аризона университетімен ынтымақтастық жобасы және оның мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды. Кәсіптік бағдар беру кеңесшілер тобы облыс мектептерінің түлектеріне: сұранысқа ие мамандықтар, академиялық ұтқырлық, шетелдің жетекші профессорларының дәрістері, шығармашылық және стартап жобаларын жүзеге асыру, қос диплом алу мүмкіндіктері жайлы таныстырды. Талапкерлерге университетіміз туралы ақпараттық материалдар таратылды.Келесі дүйсенбіде кәсіптік бағдар беру тобымыз Жамбыл ауданына аттанады.

27.11.2024