Қозыбаев университетінің студенттері мен Солтүстік Қазақстан прокуратурасының қызметкерлері волейболдан өзара мықтыны анықтады. Достық турнирі «Береке» спорт кешенінің алаңында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті. Барлығы 2 құрама жасақталды. Университетіміздің атынан жалпы студенттік команда мен «Заң» мамандығының студенттік командасы қатысты. Ойын үш кезеңнен тұратын айналмалы жүйеге
негізделген. Нәтижесінде біздің білім алушылар жеңіске жетті! Үздік ойыншылар: команда капитаны Алина Серікова (Ю-21-к), Валерия Бондаренко (Ю-22), Сабина Марат (Фс-21-к).
Қарсыластар екінші және үшінші орындарды иеленді. Марапаттау рәсімін 6 желтоқсан ҚР прокуратурасының күніне орайластырып өткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, мақтау қағаздары және естелік сыйлықтарға ие болды. Турнир қатысушыларын құттықтаймыз!
Солтүстік Қазақстан прокуратурасының әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздердің қызметтеріңіз қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтудағы мемлекеттің басты құқықтық тірегі болып табылады. Еңбектеріңізге табыс тілейміз! Ынтымақтастығымыз жалғаса берсін!