Қозыбаев университетінде «Мистер және Мисс Қозыбаев» анықталды. Бұл байқау қатысушылардың ауқымды, тынымсыз дайындығының жемісі, өздерінің таланттарын, стилімен харизмасын көрсететін мереке. Сахнада барлығы алты жұп өнер көрсетті. Қатысушыларды 4 қызықты кезең күтті: сәлемдесу, ұлттық нақыштағы дефиле, білімдері мен эрудициясын тескеретін шығармашылық және зияткерлік ойын.
Шараны университеттің ЖЖК, студенттер одағы мен Альянс студенттік ұйымдары өткізді. «Мистер және Мисс» атану үшін студенттер өздерінің зеректігі мен тапқырлықтарын көрсетті.
Сонымен 1 орын мен 100 мың теңге көлеміндегі сертификатты Зарина Ибраева және Размик Абраамян иеленді.
Нәтижесінде номинациялар бойынша:
«Вице Мистер және Мисс» - Мақсат Күшенбаев пен Инаят Қабылашимова
«Originaly» – Диас Илюбаев пен Нұрайлым Рахмет
«Харизма» – Райымбек Шәмен мен Аягөз Нұрғали«Талант» – Олжас Сүлейменов пен Ақгүл Туниязова
«Шығармашылық» – Мирас Зейнуллин мен Аида Әлімжанова
Кештің соңғы сәтін, қатысушылардың вальс биі айрықша етті. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенділіктері мен шығармашылық үлестері үшін алғыс айтамыз!