Емтихандар басталды! Біздің ЖОО-да олар дәстүрлі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ұйымдастырылған «Таза сессия» акциясы аясында өткізіледі. adASTRA жүйесі QR арқылы жазбаша емтихандарды қабылдау жұмысын жалғастыруда. Мұндай жоба өзінің тиімділігін дәлелдеді! Бұл Қозыбаев университеті командасының жеке әзірлемесі болып табылады. Білім алушылардың жұмысын бағалау кезінде үлкен Академиялық адалдық пен ашықтыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, аралық аттестаттау рәсімі кезінде емтихан алушылар, оқытушылар мен қызметкерлер тарапынан академиялық адалдық бойынша мониторингтік топтардың құрамы бекітілді. Бүгінгі таңда 5296 адам емтихан тапсырады, оның 1369- ы бірінші курс студенттері. Студенттер, сіздерге, сәттілік тілейміз!