Солтүстік Қазақстан облысы делегациясының құрамында Қозыбаев университетінің қызметкерлері ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне барды. Онда «ҰАТ» АҚ департамент директоры Андрей Лим және Alem School басшысы Данабек Қалиаждаров Smart Data Ukimet of the Republic of Kazakhstan мүмкіндіктерін ұсынды. SDU- 87 мәліметтер базасы біріктірілген мемлекеттік дерек көзі. Бұл ақпараттық-аналитикалық жүйе үлкен деректер негізінде шешім қабылдау үшін технологиялық негіздерді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, делегация Қазақстандағы алғашқы Astana hub жасанды интеллект peer-to-peer мектебіне барды. Ол AI саласында тегін білім алуға бірегей мүмкіндік береді. Мұндай, біліммен алмасу және оларды практикада одан әрі қолдану біздің ЖОО-ның дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.