"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс туралы

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті КЕАҚ бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Әскери кафедраның

  • аға оқытушысы – 2 бірлік
  • оқытушысы – 1 бірлік 

Лауазымға қойылатын талаптар:

әскери қызметкерлер үшін|

  • Ғылыми (академиялық) дәрежесі немесе майор әскери атақтағынан төмен емес мамандық;
  • Әскери қызмет өтілі 10 жылдан кем емес;
  • Цикл бойынша оқытуды жүзеге асыратын мамандықтардың  білім беру біліктілігіне сәйкестігі.

запастағы офицерлер үшін (отставкадағы):

  • Ғылыми (академиялық) дәрежесі немесе запастағы майор (оставкадағы) әскери атақтан төмен емес мамандық;
  • Әскери қызмет өтілі 10 жылдан кем емес;
  • Цикл бойынша оқытуды жүзеге асыратын мамандықтардың білім беру біліктілігіне сәйкестігі. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:  

Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:

  • университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
  • презентация (3 слайдтан аспайтын көлемде); 

Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері;
  • соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарғ а қатысты қолданылмайды);
  • ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);
  • еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар;
  • презентация (3 слайдтан аспайтын көлемде). 

Құжаттар 2025 жылғы 16 қаңтар сағат 16.00-ге дейін, Пушкин көшесі 86, 2 корпус 219 кабинет мекенжайы бойынша немесе университеттің электрондық поштасында қабылданады mail@ku.edu.kz, тел. анықтамалар үшін 36-94-68.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны туралы қосымша хабарланатын болады.

06.01.2025