М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті КЕАҚ бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Әскери кафедраның
- аға оқытушысы – 2 бірлік
- оқытушысы – 1 бірлік
Лауазымға қойылатын талаптар:
әскери қызметкерлер үшін|
- Ғылыми (академиялық) дәрежесі немесе майор әскери атақтағынан төмен емес мамандық;
- Әскери қызмет өтілі 10 жылдан кем емес;
- Цикл бойынша оқытуды жүзеге асыратын мамандықтардың білім беру біліктілігіне сәйкестігі.
запастағы офицерлер үшін (отставкадағы):
- Ғылыми (академиялық) дәрежесі немесе запастағы майор (оставкадағы) әскери атақтан төмен емес мамандық;
- Әскери қызмет өтілі 10 жылдан кем емес;
- Цикл бойынша оқытуды жүзеге асыратын мамандықтардың білім беру біліктілігіне сәйкестігі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:
- университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
- презентация (3 слайдтан аспайтын көлемде);
Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері;
- соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарғ а қатысты қолданылмайды);
- ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);
- еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар;
- презентация (3 слайдтан аспайтын көлемде).
Құжаттар 2025 жылғы 16 қаңтар сағат 16.00-ге дейін, Пушкин көшесі 86, 2 корпус 219 кабинет мекенжайы бойынша немесе университеттің электрондық поштасында қабылданады mail@ku.edu.kz, тел. анықтамалар үшін 36-94-68.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны туралы қосымша хабарланатын болады.