Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
Фитнес жеңілдікпен!
Қаламыздағы барлық Fitness Family клубтарында студенттер, магистранттар, докторанттар, дайындық курс тыңдаушылары, оқытушылар мен қызметкерлер жеңілдікпен Фитнеске қатыса алады!Студенттер 15% жеңілдікпен (студенттік билет арқылы), ал ПОҚ пен қызметкерлерге 20% ( HR-қызметінен анықтама арқылы).
Жеңілдік, топтық сабақтар мен жаттығу залдарына қолданылады.Қозыбаев университеті мен «Таткрафт Фитнес» ЖШС арасындағы келісімнің арқасында, біз осындай бірегей мүмкіндікке ие болдық.
«Біз келісімге қол қойдық. Енді 3 ақпаннан бастап студенттер мен қызметкерлер бізге жаттығуға келеді. Жеңілдік топтық сабақтар мен спорт залдарындағы жаттығуларға қолданылады », - деді «Таткрафт Фитнесс» ЖШС директоры Алена Неклюдова.
Келісім бір жылға жасалды, бірақ болашақта ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлануда.
«Университет студенттердің әлеуметтік өмірін қолдайды, спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын сақтауға жағдай жасайды. Бүгінгі серіктестігіміз жемісті болсын!», - деп атап өтті Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі басқарма мүшесі Азамат Жікеев
