Сөздәйектер галереясы
Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.
Ғабит Мүсірепов
Біздің чемпион
Танымал спортшымыз Ербол Хамитов халықаралық турнирдің жүлдегері атанды!
Бұл жолы «спринт» бойынша парабиатлоннан әлем кубогының 2 күміс жүлдесіне ие болды. Жарыс Италияда өтіп, оған әлемнің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар жиналды.
Педагогикалық факультеттің ФКС-22-3 студенті, ҚР құрама командасының мүшесі, Ербол Хамитов, бірнеше рет халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді.
Ерболды күміс медальмен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз! Біздің мақтанышымыз!
30.01.2025
