Мектеп оқушылары үшін 4 күн бойы концерттік бағдарлама,танымдық ойындар өткізілді. Бұл шараға қаламыздың 40-қа жуық мектеп пен СҚО колледждерінің 1000-нан аса түлегі қатысты.Оқушыларға гранттар, тиісті мамандықтар, студенттік өмір, жатақхана туралы және сапалы білім алу үшін оқу жағдайларымен танысуға мүмкіндік берілді.
Талапкерлер аталмыш шарадан кейін университет атмосферасынан алған әсерлерімен бөлісті. Түлектер оқу бағдарламаларына қатысты сауалдарына жауап алып, мамандардан кәсіби бағдар алды. Құрметті талапкер! Университетіміздің есігі сіздер үшін әрқашан ашық!