Сандық трансформация кеңсесінің басшысы Рашит Белгібаев пен Халықаралық кампустың доценті Гүлнара Ким Digital Almaty 2025 халықаралық технологиялық форумына қатысты. Оның аясында «Ұлттық білім беру стратегиясы: AI кадрларын даярлау» панельдік сессиясы өтті. Мұнда Қазақстан мен шет елдердің сарапшылары жасанды интеллект саласындағы білім берудің негізгі міндеттері мен даму перспективаларына тоқталды.
Аталған іс-шара барысында ЖИ енгізудің практикалық, этикалық және құқықтық аспектілері, сондай-ақ, іргелі білім мен тәжірибенің қажеттілігі қарастырылды. Шет елдерде ЖИ енгізу тәжірибесіне, сонымен қатар, «AI-Sana» инновациялық бағдарламасына ерекше назар аударылды. Форум аясында «Жасанды интеллект: жоғары оқу орындарының сандық трансформациясының жаңа көкжиектері» атты семинар өтті. Онда ЖИ платформаларын қолданып жатқан университет мамандары, ЖИ енгізу туралы талқылады.