Қоршаған ортаны кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі Bookcrossing. Осыған орай университет қабырғасында «Кітап сыйла!» акциясы өтіп жатыр. Сүйіп оқыған кітаптарыңды өзгеге сыйлап, орнына өзіңе ұнаған шығарманы тегін алуға мүмкіндігің бар. ЖОО кітапханасы 6 корпус фойесінде, кітап алмасу аймағын ұйымдастырды.
Бұл үдеріске студенттер мен оқытушылар қызығушылықпен қатысты.Аталмыш акция игі іс жасауға бағытталған. Әдебиет сүйер қауым үшін қолайлы алаңға айналып, басқа оқырмандармен бөлісіп, жастарды кітап оқуға тартады. Кітап алмасу сөрелерінде түрлі жанрдағы кітаптар берілген. Университет кітапханасының қызметкерлері хабарлағандай, бұл шара әр 3 ай сайын өткізілетін болады. Барлықтарыңызды акцияға қосылуға шақырамыз!