Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

ҚР Ұлттық ұлан академиясымен бірлескен семинар

Университеттің әскери кафедрасында «Ауғанстандағы әскери іс-қимылдардың заманауи аралас қарулы шайқастарға әсері, сабақтары мен қорытындылары» тақырыбында семинар өтті. Шара СҚУ мен ҚР ҰҰА арасындағы білім және ғылыми қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған. Семинарға студенттеріміз бен Академия курсанттары және екі жоғары оқу орнының ПО құрамы қатысты. Мәртебелі қонақ ретінде Ауғанстандағы әскери операциялардың ардагері П.П.Цвингер студенттермен кездесіп, естеліктерімен бөлісті.

Іс-шара Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күні қарсаңында өтті. Бұл соғыс ардагерлеріне арналған мереке және қаза тапқан барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні. Қозыбаев студенттері баяндама жасады. Олар Ауғанстандағы әскери қимылдарды жүргізудің әдістері мен соғыстың басталу себептерін талдады. Айтып өткен жөн, сол кезеңдегі әскери қимылдарға Қазақстаннан 22 мыңнан астам сарбаз қатысты. Мұндай кездесулер арқылы өскелең ұрпақ Отан қорғаған жауынгерлер туралы білімдерін кеңейтіп, патриоттық сезімдерін оятады.

14.02.2025