Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Университеттің даму жоспарлары кампусты қалай өзгертеді

Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев студенттермен Қозыбаев университетінің даму жоспарларымен бөлісті. Open space форматында өткен кездесуде, әркім, ЖОО жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Мұнда шығармашылық, дебаттық және ғылыми топтардың, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері жиналды.

«Жоғары білім беру принциптерін жүзеге асырудың жаңа уақыты келді. Бүгінде алғашқы кезекте, білім беру қызметінің сапасы, шетелдік университеттердің филиалдарын дамыту, оқу-тәрбие жұмысы мен ғылыми зерттеулер тұр. СҚУ аймақтағы жалғыз университет. Сондықтан, біз мектеп түлектеріне сапалы жоғары білім алуға қосымша мүмкіндік беру үшін Аризона университетімен ынтымақтастық жобасын бастадық. Қазіргі таңда грантпен әлемдік деңгейдегі жоғары білім алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар, алға қойған мақсаттардың бірі- ЖОО-ны зерттеу университетіне айналдыру», - деді ректор.

Шарада білім алушылар университет базасында республикалық пікірсайыс турнирін өткізу, университеттің брендтік өнімдерін жасау, іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру кездесулерін ұйымдастыру және т.б. бойынша ойларын білдірді. Осы ұсыныстардың барлығы қарастырылатын болады.

Негізінен білім алушыларды, студенттік ұйымдардың жиналыстарын өткізу аймақтары толғандырды. Ректор атап өткендей, университетте жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. Жалпы, білім ордамыз студенттерге жайлы кеңістіктер жасауға үлкен көңіл бөледі. Биылғы жылы №1 және № 5 корпустардың акт залдарына жөндеу жұмыстары басталып, подкаст -аймақтары бар жаңа медиа-студия орнатылып, № 6 ғимараттың фойесі заманауи үлгіде жөнделеді. ОЗК маңындағы студенттік қалашықта «Жеті қазына» деп аталатын демалыс орны ашылып, 4 және 5-ші корпустардың арасындағы қоршаудың орнына саябақ алаңы салынады. Сондай-ақ, ректор студенттік белсенділер үшін әлеуметтік GPA енгізу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Жатақханаларға орналастыру бойынша Театральная көшесіндегі жаңа жатақханаға көшу жұмыстары басталды. Жақында 1200 орындық жаңа Студенттер үйі университет балансына өтеді. Осылайша, барлық студенттер заманауи жатақханалармен қамтамасыз етіледі. Студенттік ұйым өкілдерін ғылыми жарыстар мен жобаларға қатысу, жаңа зертханалар ашу мүмкіндіктері де қызықтырды. Университет бұл мақсаттарға да қаржы бөледі.

Басқарма Төрағасы- Ректор Ербол Исақаев атап өткендей, студенттердің кез келген идеялар мен ұсыныстарын бірлескен күш-жігер арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін тұжырымдама жасап, басшылыққа ұсыну керек. Университет өзгеруге және студенттердің қажеттіліктеріне икемді болуға, олардың бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдай жасауға дайын!

18.02.2025