"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті

Герман Гессе

Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың өнімді әлеуетін арттырудың және ұтымды пайдаланудың тиімді технологиялары» тақырыбында Дала күні өткізілді.

Іс-шара ҚР АШМ БМҚ ҒТП 2024-2026 жылдарға арналған BR22883585 «Өнімді әлеуетті арттыру мен жайылымдарды ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу» шеңберінде өткізілді.

Іс-шараның спикерлері  іс-шараның ғылыми жетекшісі а./ш.ғ. к., профессор Шаяхметова А. С. және жұмыс тобының мүшелері болды. Іс-шараға қатысушылар-СҚО АӨК өкілдері, М. Қозыбаев атындағы СҚУ ПОҚ, магистранттары мен студенттері болды.

 

 
28.06.2025