"М. Қозыбаев атындағыСҚУ" КЕАҚ бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы – 1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, философия докторы PhD немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің немесе дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
2. Инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің деканы-1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, философия докторы PhD немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің немесе дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
3. Үздіксіз білім беру институтының директоры – 1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, білім беру ұйымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
4. Ғылым департаментінің директоры – 1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, ғылыми немесе академиялық дәреженің болуы, жоғары оқу орнында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі немесе озық шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс тәжірибесі.
5. Студенттермен жұмыс департаментінің директоры – 1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар - жоғары білім және жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 жыл.
6. Академиялық сапа және талдау бөлімінің жетекшісі – 1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және білім беру ұйымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
7. Халықаралық кампустың академиялық мәселелер жөніндегі Атқарушы директорының орынбасары – 1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар – кемінде 3 жыл өтілі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық жобаларға қатысу тәжірибесі, қазақстандық және/немесе халықаралық біліктілікті арттыру және/немесе оқу бағдарламаларына қатысу сертификаттары, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі. Ағылшын тілін білу отандық және халықаралық сертификаттар берумен немесе ауызша әңгімелесу кезінде расталады.
8. Атқарушы директордың зерттеулер және инновациялар жөніндегі орынбасары-1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар – кемінде 3 жыл өтілі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық жобаларға қатысу тәжірибесі, қазақстандық және/немесе халықаралық біліктілікті арттыру және/немесе оқу бағдарламаларына қатысу сертификаттары, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі. Ағылшын тілін білу отандық және халықаралық сертификаттар берумен немесе ауызша әңгімелесу кезінде расталады.
9. Дуалды оқыту және мансап орталығының жетекшісі – 1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, білім беру ұйымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі факультеттің/Департаменттің/бөлімнің даму стратегиясы.
Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
5)"денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
7) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі факультеттің/Департаменттің/бөлімнің даму стратегиясы.
Анықтама үшін тел.36-94-68.