Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына орналасуға қайта конкурс өткізу туралы

М. Қозыбаев атындағы "СҚУ" КЕАҚ бос лауазымдарына орналасуға қайта конкурс жариялайды:

  •  Математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы – 1 бірлік

Лауазымға қойылатын талаптар – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, философия докторы PhD немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің немесе дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі факультеттің/Департаменттің/бөлімнің даму стратегиясы.

Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

5)"денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

7) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі факультеттің/Департаменттің/бөлімнің даму стратегиясы.


Құжаттар жарияланған сәттен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде 2025 жылғы 15 қыркүйек сағат 16.00-ге дейін Пушкин көшесі 86, №2 оқу корпусы, № 219 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: mail@ku.edu.kz
Анықтама үшін тел.36-94-68.

05.09.2025