М. Қозыбаев атындағы "СҚУ" КЕАҚ бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Лауазымға қойылатын талаптар – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, философия докторы PhD немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің немесе дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі факультеттің/Департаменттің/бөлімнің даму стратегиясы.
Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
5) "денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
7) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі факультеттің/Департаменттің/бөлімнің даму стратегиясы.
Құжаттар жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде 2025 жылғы 15 қыркүйек сағат 16.00-ге дейін Пушкин көшесі 86, №2 оқу корпусы, № 219 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: mail@ku.edu.kz
Анықтама үшін тел.36-94-68.