Сөздәйектер галереясы
Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.
Б. Момышұлы
Әлем чемпионатының қола жүлдегері
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы және спорт шебері Андрей Глывяк Қытайда өткен Әлем чемпионатында гір көтеруден үшінші орын алды.
Беделді халықаралық жарыс 13-17 қараша аралығында Хайнингте өтті. Ұлттық құрамада облыс намысын біздің он төрт спортшы қорғады, олардың қатарында университетіміздің он түлегі Қазақстан құрамасы үшін медаль жеңді.
Андрей Глывяк +85 келі салмақ дәрежесінде ардагерлер санаты мен әуесқойлар арасында бақ сынасты. Ол екі сайыста да қола медаль ұтып алды. Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Андрей Ярославович спортшыларды чемпионатқа дайындауға белсене атсалысты.
Жаттықтырушылар мен түлектерімізді құттықтаймыз! Жарайсыздар!
19.11.2025
