Сөздәйектер галереясы
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин
Ислам Евлоев Эр-Риядта еліміз үшін күміс медаль жеңіп алды
Қозыбаев университетінің грек-рим күресінен балуаны Ислам Евлоев Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында күміс медаль иеленді.
Спортшы 87 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалға шықты. Шешуші кездесуде ол ирандық Голамреза Фарохимен күресті. Шиеленісті жекпе-жекте ирандық күресші 6-0 есебімен жеңіске жетті, біздің спортшымыз халықаралық турнирде екінші орын алды.
Бүгінде Ислам Евлоев Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ФКС-22-1 тобында оқиды. Студентіміз, Ислам ынтымақтастық ойындарына алғаш рет қатысып отыр. Ол 20 жасқа дейінгі Әлем чемпионаты U20 мен Азия жастар чемпионатында, Қазақстанның XIII жазғы универсиадасында және басқа да қазақстандық жарыстарда жеңіске жетті.
Құттықтаймыз ! Жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!
19.11.2025
