"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.

В.А.Сухомлинский

Корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттар табысталды

Университетіміздің Директорлар кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттарын табыстау рәсімі өтті.

25 қарашада елімізде Корпоративтік хатшы күні атап өтіледі, осыған орай Қазақстандық жоғары оқу орындарының корпоративтік хатшылары мен Директорлар кеңесінің мүшелеріне марапаттар табысталды.

ҚР ҒЖБ министрі Саясат Нұрбек тәуелсіз директорларымызды Анатолий Башмаковты, Дидар Смағұловты және Әлібек Хусайыновты білім берудегі корпоративтік басқаруды жетілдіруге қосқан үлестері, адалдығы және жоғары кәсібилігі үшін алғыс хаттарымен марапаттау туралы шешім қабылдады. Марапаттарды Қозыбаев университетінің Директорлар кеңесінің Төрағасы Ғалым Байтұқ тапсырды.

Корпоративтік хатшымыз Марина Погребицкая ерекше құрметпен марапатталды. Ол корпоративтік басқарудың ғылыми және әдіснамалық негіздерін дамытуға, білім беру мекемесіндегі басқару мәдениетін нығайтуға қосқан үлесі және жоғары кәсіби құзыреттілігі үшін ««Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және университеттің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!

05.12.2025