Сөздәйектер галереясы
Әркімге қажетті білім бар, Сол білімді меңгермейінше, барлық басқа білім адамға нұқсан келтіреді
Әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
М. Қозыбаев атындағы "СҚУ" КЕАҚ бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
- Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар - мемлекеттік сатып алу саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар "Экономика және Бизнес" және "Қаржы", "Құқықтану" бейіндері бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы.
Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі бөлімнің даму стратегиясы.
Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
5)денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
7) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі бөлімнің даму стратегиясы.
Құжаттар жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 16.00-ге дейін Пушкин көшесі 86, №2 оқу корпусы, № 317 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: mail@ku.edu.kz
Анықтама үшін тел.36-94-68.
