"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Жаманмен жолдас болсаң, жаласына қаласың. Наданмен жолдас болсаң, бәлесіне қаласың.

Халық даналығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған зияткерлік ойын

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. Осы орайда университет қабырғасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным және академиялық адалдық» атты брейн- ринг іс-шарасы өтті.
Интелектуалды сайысқа 7 факультеттің белсенді студенттері қатысты. Қатысушылар  шығармашылық көзқарастарын ортаға салды.
Ойын «Әділдік жарысы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Крокодил», «Сөздің күші», «Нысанға алынған кейс», «Ақиқат жақын жерде» 5 кезеңді қамтыды. Зияткерлік ойын білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, дарынды жастарды қолдау мақсатында өткізілді.
Командалар қызықты тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің көшбасшылық қабілеттерін, тапқырлықтарын танытты. Олар сұрақтарға нақты әрі жылдам жауап беруге тырысты.
Нәтижесінде брейн-ринг жеңімпазы МЖҒФ командасы атанды, 2 орынды ТЭҚФ иеленді, 3 орынға ИСТФ тобы жайғасты.
Құттықтаймыз!
08.12.2025