Сөздәйектер галереясы
Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.
Олжас Сүлейменов
Студенттік Ассамблеялардың І Республикалық форумы
Қостанайда еліміздің белсенді жастарының басын қосқан Студенттік Ассамблеялардың І Республикалық форумының пленарлық отырысы өтті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.
Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерде 100-ден астам студенттік ассамблея құрылып, жастар арасында қоғамдық келісім мен мызғымас бірлікті нығайтып келеді.
Әр өңірден келген студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара қатысушыларға құнды тәжірибе мен алдағы жұмыстарға серпін берді. Кездесу барысында топпен жұмыс істеу, коммуникативтік дағдылар мен мәдениетаралық көшбасшылық тақырыптары бойынша бірқатар тренингтер өткізілді.
Форумға арнайы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, «Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары, елдегі жоғары оқу орындары мен колледждердегі студенттік ассамблеялардың жетекшілері қатысып, студенттермен жүздесті.
Білім ордамыздың 3 курс студенті, Студенттер Ассамблеясының төрайымы Жүсүпбек Көркемай сөз алып, студенттік ұйымның жұмысымен таныстырды : «Ағымдағы жылдың тамыз айында университетімізде Студенттік Ассамблея ашылды. Қысқа мерзім ішінде біздің топ белсенді жұмыс бастап, нақты нәтижелер көрсетіп үлгерді. Мәдени, экологиялық және әлеуметтік жобаларды қамтыған шараларды жүзеге асырды. Біз басқа да студенттік ассамблеялармен бірлесіп жұмыс істеуге ашықпыз».
Осы орайда бойжеткенге рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан белсенді еңбегі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов алғыс хат табыстады.
10.12.2025
