Сөздәйектер галереясы
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы
Қозыбаев университетінің студенті Ансар Қазбеков Crypto Ideathon Kazakhstan байқауында жеңіске жетіп 2 млн.теңге алды
Binance Kazakhstan компаниясы Қазақстанның крипто және блокчейн- индустриясын дамыту үшін Crypto Ideathon-2025 ұлттық онлайн идеялар байқауын бастады. Бастама студенттер мен жастарды блокчейн технологиясын зерттеуге тартуға, инновациялық ойлауды ынталандыруға және Қазақстанды одан әрі цифрландыру үшін идеялар әзірлеуге бағытталған.
Барлық қатысушылар криптотехнологияларға деген сенімді арттыру үшін шығармашылық білім беру шешімдерін әзірледі. Байқаудың жүлде қоры USDC бойынша 7000 АҚШ долларды құрады.
Аризона университетімен «Бизнес және менеджмент» бойынша бірлескен білім беру бағдарламасының Тарих, экономика және құқық факультетінде оқитын Ансар Қазбеков EdFi (Education Finance) жобасын ұсынды. Ол студенттер арасындағы академиялық мотивацияны арттыруға және Қазақстан аймақтарында блокчейн технологияларын кеңінен енгізуге ықпал етеді. Қозыбаев университеті пилоттық платформа ретінде қызмет етеді. Жобаның тәлімгері «Экономика, есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісі, профессор Дінмұхаммед Шайкин болып табылады.
«EdFi- Learn-to-Earn моделіне негізделген алғашқы университет экожүйесі. Менің жобам BNB Chain бағдарламасын білім беру процесіне тікелей біріктіреді. Бұл туденттерге жоғары GPA, сабаққа қатысу және университеттің академиялық және қоғамдық өміріне белсенді қатысуы үшін автоматты түрде токендерді береді», - дейді Ансар Қазбеков.
Ансардың ұсынған шешімі бағаларды сандық активтерге айналдырады. Бұл студенттерге академиялық көрсеткіштерін жақсарту үшін тікелей қаржылық ынталандыру тәжірибесін ұсынады. Токендерді тамақтану және жатақхана ақысын төлеу үшін пайдалануға немесе Binance Pay арқылы алуға болады.
10.12.2025
