Сөздәйектер галереясы
Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені.
С. Мұқанов
Командалық рух пен жеңіс!
Ұжымды біріктіріп, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттайтын спартакиада аясында волейбол жарысы аяқталды. Дәстүрлі додаға құрамалар жасақталып, волейбол алаңында ең мықтыны анықтау үшін бақ сынасты. Жарыстың ашылу салтанатында қатысушыларды Солтүстік Қазақстандық боксшы Наталья Богданова арнайы құттықтап, спортшыларға жеңіс тіледі.
Сайыстың алғашқы күні тартысты өтіп, волейбол ойындарымен жалғасын тапты. Барлығы 9 команда қатысып, әр топтың жеңімпаздары жартылай финалға өтті. Ақтық кезеңде ПФ спортшылары ойынды жеңіспен аяқтады. Қарсыластарының мықтылығына қарамастан ӘК ойыншылары тамаша өнер көрсетіп 2 орынға табан тіреді. Ал 3 орынға АФ жайғасты.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!
12.01.2026
