Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Әл-Фараби
Ұшқыр ой алаңы
Спартакиаданың келесі кезеңі шахмат майталмандарының басын қосты. Турнирге 36 қатысушыдан құралған он команда қатысты. Жарыс өздерінің дағдылары мен стратегиялық ойлауын көрсеткен үздік ойыншыларды жинады. Жүлдегерлер анықталды : 1-орын – МФ 2-орын – ПФ 3-орын – ТЭҚФ Жеке есепте бірінші орынды Альбина Айжеркенова мен Бахтияр Серик жеңіп алды. Бұл ойын түрі сабырлы әрі төзімді болуға үйретеді. Жарыс жоғары оқу орнының қызметкерлері мен оқытушыларының зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Сондықтан турнирге университеттің құрметті ақсақалдары қатысты. Солардың қатарында 85 жасқа толған профессор Виктор Тулаевта бар. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!13.01.2026
