Сөздәйектер галереясы
Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Жылдамдық пен төзімділік жарысы
Спартакиада аясында әсерлі әрі тартысты спорт түрлерінің бірі жүзу жарысы өтті. Қатысушылар жүзу бәсекесінде дене шынықтыру дайындықтарын көрсетті. Жарысқа барлығы жеті команда қатысты.
Жеке есепте:
50м еркін жүзу (Ерлер):
1 орын — Павел Моисеев (ӘБП) — 32.05
2 орын — Александр Наумов (ПФ) — 35.16
3 орын — Андрей Глывяк (ПФ) — 36.28
Әйелдер арасында:
1 орын — Юлия Безушко (ПФ) — 41.18
2 орын — Евгения Сотниченко (ПФ) — 44.18
3 орын — Саулеш Аубакирова (ТӘИ) — 01:08.86
Ал 4x50 м еркін жүзу эстафетасы (аралас): Нәтижесінде Педагогикалық факультеті жалпы командалық есепте жеңіске жетіп, екінші орынға АФ командасы көтерілді. Үздік үштікті ТӘИ жүзгіштері түйіндеді. Спартакиада жалғасуда, алда көптеген қызықты кезеңдер күтіп тұр! Барлық қатысушыларға спорттық рух үшін алғыс айтамыз!
