Сөздәйектер галереясы
Мәдениеттің мәйегі - кітап.
Шерхан Мұртаза
Қозыбаев университетінің құрамасы 4 медаль жеңді
Қозыбаев университетінің студенттері Астанада жеңіл атлетикадан Қысқы XXXV Қазақстан чемпионатында төрт медаль жеңіп алды. Сайысқа еліміздің 18 аймағынан келген спортшылар қатысты. Олар жүгіру, секіру, көпсайыс және ерлер мен әйелдер арасында эстафеталық жарыстар бойынша бақ сынасты. Чемпионат бағдарламасына 26 жекелей және бес эстафета кіреді.
Студенттерімізді тәлімгер, дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Александр Наумов дайындады! Магистрант Никита Изотов 800 метрге жүгіруде 1.52.45 сек уақытпен ҚР чемпионы атанды. Ал Кирилл Субботин үшінші орынға жайғасты.
Бірінші курс студенті Антонина Чернышова 60 метрге кедергілермен жүгіруде екінші орын алды. Арсен Умержанов үш қарғып секіруде күміс медаль жеңді (15.31 см). Барлық спортшылар Педагогикалық факультетте оқиды.
Жарыс нәтижелері бойынша Азия чемпионаты мен халықаралық жарыстарға қатысу үшін ұлттық құрама құрылады. Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
15.01.2026
