Сөздәйектер галереясы
Қолыңыздан келмейтін нәрсені істеуге қорықпаңыз. Есіңізде болсын, Нұх кемені әуесқой салған, ал Титаникты - кәсіби мамандар
Қозыбаев университеті Horizon Europe арқылы халықаралық ғылыми аренадағы өз орнын нығайтады
Қозыбаев университетінің өкілдері Назарбаев Университетінде өткен Horizon Europe ақпараттық-желілік сессиясына қатысты.
ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Еуропалық комиссияның Global Service Facility компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған іс- шара қазақстандық университеттер мен ғылыми ұйымдардың ЕО-ның зерттеулер мен инновацияларды қаржыландыру жөніндегі негізгі құралы Horizon Europe бағдарламасына қатысу мүмкіндіктеріне арналды.
Шара ясында Horizon Europe бағдарламасының 2026-2027 жылдарға арналған мүмкіндіктері ұсынылды, сондай-ақ жобалық өтінімдерді дайындау, халықаралық консорциумдарды қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Желілік байланыс орнатуға және әлеуетті серіктестерді анықтауға ерекше назар аударылды. Бұл жаңа кәсіби байланыстар орнатуға, Қозыбаев университетінің ЖОО-мен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлескен жобаларға қатысу перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, мұның барлығы халықаралық ғылыми аренадағы позицияны нығайтуға, зерттеу жобаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шетелдік қаржыландыру қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
