"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Шебердің қолы – ортақ, Шешеннің тілі - ортақ.

Мақал

Ғылым мен медицина саласындағы жаңа мүмкіндіктер: Қозыбаев университеті мен AstraZeneca серіктестігі

Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Ербол Исақаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған қазақстандық делегациямен бірге «АстраЗенека» ең ірі ғылыми-зерттеу және инновациялық орталығы Discovery Centre-ге (DISC) барды .

Сапар барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «АстраЗенека» Қазақстан өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл ғылым, зерттеу және инновация саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашады.

Серіктестіктің жаңа кезеңі Қазақстанның ғылыми-білім беру және денсаулық сақтау экожүйесін трансформациялауға практикалық қолдау көрсетуді көздейді. Тараптар ғылыми құзыреттерді нығайтуға, медицинада технологиялық шешімдерді енгізуге және елдің денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған жобаларды дамытуға келісті.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

* ғылыми зерттеулерді, клиникалық шешімдер қабылдауды және денсаулық сақтау саласындағы дәлелдемелер базасын дамытуды қолдау үшін деректерді талдау құралдарын әзірлеу

* жастар арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алу, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту және болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайту жөніндегі жобаны іске қосу.

* «жасыл» технологиялар саласындағы бірлескен жобалар

* ерте диагностика және денсаулық сақтаудың тұрақтылығын арттыру: ауруларды ерте анықтаудың заманауи тәсілдерін енгізу, мамандарды оқыту және диагностикалық инфрақұрылымды дамыту.

Біздің ЖОО үшін мұндай ынтымақтастық жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз келесі салалар бойынша серіктестікке үміттенеміз:

1) дәрігерлердің біліктілігін арттыру

2) әлеуметтік жобалар

3) экологиялық жобалар

 

«АстраЗенека» озық ғылымға тұрақты түрде инвестиция салуды жалғастырады. 2024 жылы компания ғылыми-зерттеу жұмыстарына 13 млрд АҚШ доллардан астам қаражат бөлді – бұл оның жылдық айналымының төрттен бір бөлігі. Бүгінгі таңда оның даму бағытында-Кембридж ғалымдары мен әлемнің 9 негізгі зерттеу орталықтары әзірлеп жатқан 191 жоба кіреді. Кембридж орталығында әртүрлі елдерден 2000-нан астам ғалымдар жұмыс істейді.

23.01.2026