"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Әркімге қажетті білім бар, Сол білімді меңгермейінше, барлық басқа білім адамға нұқсан келтіреді

Л.Н. Толстой

Құттықтаймыз!

«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Хабаршысы»рецензияланатын ғылыми журналы ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді.

Құттықтаймыз! Бұл университет үшін маңызды ғылыми жетістік!

Біздің журнал ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған үшінші деңгейлі ғылыми басылымдар тізіміне (3-тізім) енгізілген, ол «Биологиялық ғылымдар» бағыты бойынша ғылыми қызметтің негізгі зерттеу нәтижелерін жариялау үшін арналған.


Бұл журнал басылымдарының жоғары ғылыми деңгейін, авторлардың және редакциялық алқа мүшелерінің М. Қозыбаев атындағы СҚУ хабаршысының дамуына қосқан үлесін растайды.


Тізімге енгізу ғалымдар мен зерттеушілерге биология саласындағы зерттеу нәтижелерін Қазақстандағы және шетелдегі ғылыми қауымдастыққа ұсыну мен тарату үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.


Журнал ғылыми жарияланымдардың сапасын жүйелі түрде жақсартып, барлық бағыттар бойынша халықаралық ғылыми байланысты кеңейте береді, Түркия, Ресей, Малайзия, Канада, Әзірбайжан, Өзбекстан, АҚШ ғалымдарын тартады.


Университет басшылығына, «Биология» кафедрасының ұжымына, редакциялық алқаға, барлық авторларға, серіктестерге сенім мен жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

28.01.2026