Сөздәйектер галереясы
Мектеп - кеме, білім теңіз.
Әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
М. Қозыбаев атындағы "СҚУ" КЕАҚ бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
- Kozybaev International Office директоры – 1 бірлік.
Лауазымға қойылатын талаптар – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, Халықаралық жобалар саласындағы жұмыс тәжірибесі, қазақстандық және/немесе халықаралық біліктілікті арттыру сертификаттары, мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі. Ағылшын тілін білу В2 деңгейінен төмен емес халықаралық сертификаттар ұсынумен расталады. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын диплом болған жағдайда ағылшын тілінің деңгейін растау талап етілмейді.
Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі бөлімнің даму стратегиясы.
Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға үміткер тұлға:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
5)денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
7) 5-7 слайдтан аспайтын презентация түріндегі бөлімнің даму стратегиясы.
Құжаттар жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде 2026 жылғы 23 ақпан сағат 13.00-ге дейін Пушкин көшесі 86, №2 оқу корпусы, № 317 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: mail@ku.edu.kz
Анықтама үшін тел. 36-94-68.
