Сөздәйектер галереясы
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.
Біздің студентіміз Аризона университетінің «Үздік түлегі» атанды
Биотехнология бойынша қос дипломды бағдарламасының студенті Амир Агзамов Аризона университетінің ауыл шаруашылығы, өмір және қоршаған орта ғылымдары колледжінің (факультетінің) «Үздік түлек» атағын және ең жоғары марапатын алды. Бұл марапат әр семестрде әр мамандық бойынша бітіруші курстың үздік студентіне беріледі.
Биыл тарихта алғаш рет Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің қос дипломды бағдарламасының төртінші курс студенті «Үздік түлек» атанды.
Аризона университетінің Өсімдік ғылымдары мектебі директорының міндетін атқарушы, доктор А. Элизабет Арнольд Амирге жолдаған құттықтау хатында: «Сіз биотехнология бағытында жақсы нәтижелер көрсеттіңіз. Біз сізді дарыныңыз бен көшбасшылық қасиетіңізді бағалап таңдадық. Бұл сіздің жоғары жетістіктеріңіз бен әлеуетіңіздің дәлелі. Барлық бағдарламалар бойынша үздік түлектеріміз жеке марапаттарға ие болды»
Амир Қозыбаев университеті мен Аризона университетінде грант бойынша білім алады. Студенттер үш жарым жыл Қазақстанда және бір семестр АҚШ-та оқиды. Биыл ол алғашқы 29 студенттің ішінде Тусондағы негізгі кампусқа оқуға келді. Оқу барысында академиялық және ғылыми жұмыстардың жоғары деңгейін көрсетті. Амир Агзамов- мектеп кезінен бастап ғылым саласына қызығушылық танытты. Ол бакалавриатта оқып жүргенде Сауд Арабиясындағы Король Абдалла атындағы ғылыми технологиялық университетінде (KAUST) және Сингапур Ұлттық университетінде тағылымдамадан өтіп, молекулалық биология саласында баға жетпес тәжірибе жинақтады.
Амир жақсы оқып қана қоймай, зерттеулерге де қатысып жүрді. Таланттар байқауында өнер көрсетіп, тіпті жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, басқа елдерден келген студенттерді қазақтың ұлттық аспабы - домбырамен таныстырды. Осылайша, белсенді студенттік қызметі мен жоғары академиялық жетістіктері оған «Үздік түлек» атағын алуға мүмкіндік берді.
«Бұл марапат мен үшін үлкен тосынсый болды. АҚШ-та оқып жүргенде «Үздік түлектер» марапаттау рәсіміне қатыстым. Алайда бұл марапатқа тек тікелей Аризона кампусында оқитын білім алушылар ұсынылады деп ойладым. Жетістіктерімнің Аризона университеті тарапынан мойындалғанына өте қуаныштымын. Бұл болашақта үлкен мақсаттарға жетуіме үлкен серпін берді. Өзімді ғылым бағытында үнемі дамытуға тырысамын », - деді Амир Агзамов.
Енді биотехнология саласындағы қос диплом бағдарламасының үздік түлегі, 2026 жылғы түлек ретінде Амир негізгі деңгейде емес, колледж деңгейінде қосымша тану үшін бәсекелесуге мүмкіндік алды.
Осыдан төрт жыл бұрын Қозыбаев университеті мен Аризона университеті арасындағы іске қосылған қос дипломдық бағдарламалар, бүгінде айтарлықтай нәтижелерді көрсетті. Бағдарламалар көкжиегі кеңейді: биотехнология, IT, білім берудегі инклюзия, бизнес және менеджмент салалары. Студенттер контингенті де өсті: Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Америка Құрама Штаттарынан, Қытайдан және Ресейден студенттер қабылданды.
