Сөздәйектер галереясы
Білекті бірді жығар, Білімді мынды жығар.
Мақал
Ұрпақтар сабақтастығы
Наурызнама онкүндігі аясында Шаңырақ күнін мерекелеуге арналған «Отбасы Talks» шарасы өтті. Жиын отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұрпақтар арасындағы ашық диалогты дамытуға және қазіргі қоғамдағы отбасының рөлін талқылауға бағытталған. Ашық диалог алаңында қатысушылар өздерінің жеке өмірлік тәжірибелерімен, отбасылық дәстүрлер мен тәлім-тәрбие туралы пікірлерімен бөлісті.
Шараны Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Дилбар Бегалина және Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедра меңгерушісі Людмила Гривенная жүргізді.
Қонақтар отбасылық құндылықтар, өзара қолдау, балаларды тәрбиелеу және отбасылық татулықты сақтау туралы жеке әңгімелерімен бөлісті. Тыңдаушылар 50 жылдан астам отбасылық өмір тәжірибесімен бөліскен Никифоров Александр Владимировичтың әңгімесін ерекше ықыласпен зейін қойып тыңдады. Кездесу барысында студенттер қатысушылар мен сарапшыларға сұрақтар қойып, адам өміріндегі отбасының рөлі туралы талқылады. Сарапшылар отбасылық қарым-қатынас және психологиялық қолдау бойынша кәсіби көзқарастарын білдірді.
Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары өнер көрсетті. Шара соңында қонақтарға, сарапшыларға және әртістерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
17.03.2026
