Сөздәйектер галереясы
Әркімге қажетті білім бар, Сол білімді меңгермейінше, барлық басқа білім адамға нұқсан келтіреді
Л.Н. Толстой
Қозыбаев университетінде IDEA BATTLE байқауында үздік IT-идеялар таңдалды
Қозыбаев университетінде ЖИ және цифрлық трансформация орталығының базасында SKO-Hub-пен бірлесіп «IDEA BATTLE» стратап-жобалар байқауы өтті.
Оған 10 команда- университетіміздің студенттері, мектеп оқушылары, сондай-ақ SKO Hub резиденттері қатысты. Қатысушылар бизнес, медицина, тілдерді үйренуге арналған IT-идеяларын, банктерге арналған алаяқтыққа қарсы мониторинг жүйесін, желідегі алаяқтықты талдауға арналған IT-шешімді және т. б. ұсынды.
«Idea Battle- студенттердің батыл ойлары мен шешімдерін нақты технологиялық бизнеске айналдыратын «инновациялық лифт». Ел мен әлем үшін ең жақсы IT шешімдері қаламызда, іргелі білім мен нарықтық ортада дәлелдеу мүмкіндігіміз бар», -деді ұйымдастырушылар.
Қатысушылардың жұмысын тиісті мемлекеттік құрылымдардан, нақты бизнес өкілдері мен цифрлық-сарапшылардан, нейрожелілер бойынша мамандардан, ЖОО оқытушылары мен студенттерінен құралған қазылар алқасы бағалады.
Жеңімпаздар:
1 орын –Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы Петропавл қ. Оқуға түсу және тағылымдамадан өту үшін жоғары оқу орындарын таңдау бойынша талапкерлерге арналған «EDU WAY» жобасы. Бұл жағдайда талапкер іздеу жүйесінде өзіне қажетті параметрлерді енгізеді, ал сайт тиісті ұсыныстар береді (таңдау және кеңес беру үшін жасанды интеллект қолданылады).
2 орын– Қозыбаев университеті студенттерінің тобы «Power NODE» жобасы- құрылғыларды зарядтауға арналған қалдық материалдардан батарея-аккумулятор жасау бойынша (коммерцияландыруға арналған жоба).Команда құрамында Т–25 тобының студенті Мадина Жұмабаева және ИСУ (KZ-US)-24-2 тобындағы Александр Кадуцкий.
3 орын-SKO HUB резиденттер тобы «Bee Vision» ақылды ара ұясының жобасын ұсынды. Модельде ұя параметрлері, температурасы, аралардың күйі, бал құрамы көрсетілген.
Балалар естелік сыйлықтар мен дипломдар алды. Қатысушыларды құттықтаймыз! Батыл идеялар мен тәжірибе арқылы жаңа жетістіктерге жетіңіздер!
19.03.2026
