Сөздәйектер галереясы
Тәртіпке бас иген - құл болмайды, Тәртіпсіз – ер болмайды.
Халық даналығы
Біздің студенттер спектакльдерді тегін тамашалай алады
Қозыбаев университеті мен Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның мақсаты мәдени ынтымақтастықты дамыту, жас ұрпақ арасында ұлттық дәстүрлерді нығайту, сондай-ақ студенттерді отандық және шетелдік авторлардың әйгілі шығармалары арқылы аймақтың рухани өміріне баулу.
Серіктестіктің негізгі мақсаты - театр ғимаратында университетке қатысты іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Тараптар бірлескен шараларды өткізуді қолдап отыр. Өз кезегінде білім алушылар театр актерлерімен және қазақстандық, шетелдік режиссерлермен шеберлік сабақтарына, шығармашылық кештерге қатысуға мүмкіндік алады.
Ынтымақтастық аясында алдағы уақытта студенттеріміз айына бір қойылымды тегін тамашалай алады.
19.03.2026
