"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.

Ахмет Байтұрсынов

Студенттер көрсетілімдік сот отырысына қатысты

Оқу орнымызда студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында онлайн форматтағы сот отырысының көрсетілімі ұйымдастырылды. Қаламыздағы екі бұрынғы әскери қызметші мен ҚР ҰҰА курсантына қатысты үкім жарияланған. Олар 9.08.2025 ж. бірге алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін екі тұрғынға дене жарақатын салған.

Университет студенттері онлайн бейнетрансляция арқылы сот процесін бақылап отырды. Сот отырысы басталар алдында студенттерге оқиға орнынан бейнеролик көрсетілді. Білім алушылар шынайы өмірде заң талаптарын бұзған азаматтардың оқиғасын көрді. Мұндай шара оларға заңсыз мінез-құлықтың салдарын оның адам тағдырына әсерін жеткізуге, нақты тәжірибемен танысуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар студенттерді заңды талаптарын сақтауға, заңсыз іс-әрекеттер жасамауға және бостандықтың шынайы құндылығын түсінуге, жауапты әрі саналы өмірді таңдауға шақырды.

 

Мұндай шаралар жастардың өз құқықтары мен міндеттерін түсінуіне үлкен үлес қосады.

20.03.2026