Сөздәйектер галереясы
Педагог - жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.
А.В.Луначарский
Университетте аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті
Университетте білім алушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға бағытталған іс-шара өтті. Шараны оқу орнының Психологиялық қызметі жаңа сын-қатерлер жағдайында студенттердің психологиялық саулығын нығайту мақсатында ұйымдастырды.
Оған ЖОО оқытушылары, қызметкерлері және психолог мамандары қатысты. Кездесу барысында білім алушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, олардың дағдарыстық жағдайларының алдын алу және профилактикалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, студенттердің қауіп-қатер деңгейін ерте анықтауға арналған іс-қимылдың бірыңғай алгоритмі таныстырылып, бекітілді.
Жиында Солтүстік Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары қатысушыларды білім алушылармен жұмыс істеудің жаңа әдістері мен тиімді формаларымен таныстырды.
27.03.2026
