"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

Ж.Баласағұн

«ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ делегациясы Қозыбаев университетінде

ҚазАтомӨнеркәсіп- Қазақстанның Ұлттық атом компаниясы, табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. Жаһандық кәсіпорынмен ынтымақтастық ЖОО үшін кең мүмкіндіктер ашады.
Осыған дейін университет басшылығы мен стратегиялық әріптестеріміз- Аризона Университетінің өкілдері, ғылым, технология және кадрлар даярлау саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау мақсатында «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ барған болатын.
Осы жолы қонақтар Kozybayev Labs: «Агрохиманалитика», «Су сапасын бағалау», «Микробиология», «Экологиялық токсикология және биоәртүрлілік» ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысты. Олар 938 млн теңгеге жабдық ұтып алған БМҚ жобасы аясында сатып алынды. Делегация құрамы химия және химиялық технологиялар кафедрасының зертханаларын және біздің ЖОО базасындағы «Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС өндірістік кешенін аралады.
Университет басшылығымен және ғалымдарымен кездесуде ғылыми ынтымақтастық жоспарлары талқыланды. Аризона университетінің зерттеушісі Шамиль Саев уранды, сондай-ақ, сирек кездесетін жер металдарын селективті түрде алу үшін күкірт полимерінің адсорбенттерін пайдалану саласындағы бірлескен әзірлемелермен таныстырды. Оқу ордамыздың ғалымдары су ресурстары, пластмасса жасау, химиялық экология саласындағы зерттеулердің өз бағыттарын ұсынды.
«Біз ынтымақтастыққа ашықпыз. Консорциумда жұмыс істеуді ұсынамыз.  Сапалы және экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ететін зерттеулер маңызды. Біз ұлттық компания. Сондықтан біздің міндетіміз- Ұлттық қорды толықтыру»,-деді «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ Ғылым және сирек жер материалдары департаментінің жетекшісі  Арманбек Өмірғали.
Жалпы, 2021-2025 жылдары университетте ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемі 10 еседен астам өсті, ал жалпы табыстағы ғылымның үлесі 2,8% - дан 14,5% - ға дейін ұлғайды. 2025 жылы жалпы бюджеті 1 310,424 млн теңгені құрайтын 12 ғылыми жоба іске асырылды, 2 млрд теңгеден астам сомаға тағы 19 жоба бойынша өтінімдер берілді. Коммерцияландыру саласында өңір кәсіпорындарымен бірлесіп 1,7 млрд теңгеге өтінім берілді, оның 412 млн теңгесі- жеке инвестициялар болып табылады. Негізгі міндет-АӨК, азық-түлік қауіпсіздігі, сумен қамтамасыз ету саласында өңірлік кластерлерді дамыту болып табылады.
Мұндай әріптестік озық зерттеулерді дамыту, әлемдік деңгейдегі кадрларды даярлау және қазақстандық ғылымды жаһандық ғылыми-технологиялық кеңістікке интеграциялау үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
27.03.2026