Сөздәйектер галереясы
“Ұстаз” деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов
Мүмкіндіктерді тоғыстыратын сапар: SERPIN WAY 2.0 керуені жолға шықты
Білім беру жолы: Kozybayev University командасы Қазақстан бойынша ауқымды сапарын бастады 31 наурыз күні Қозыбаев университетінің командасы SERPIN WAY 2.0 брендтелген автобуспен Петропавл қаласынан жолға шықты. 23 күн ішінде студенттер, оқытушылар, қызметкерлер, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен қалалық Мансап орталығының өкілдері Қазақстан бойынша 6 мың шақырымнан астам жол жүреді. Осы уақыт ішінде олар Қарағанды, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарына барады. SERPIN WAY 2.0 керуені ірі қалалар мен шалғай ауылдардың әкімшілігімен, мектеп оқушыларымен, олардың ата-аналарымен кездеседі. Солтүстік-оңтүстік бағыты талапкерлерді қабылдау, грант мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары, оның ішінде Аризона университетімен қос дипломды бағдарламалар және ЖОО шарттары туралы ақпараттандыру мақсатында іске асады. Өткен жылы Қозыбаев университеті бұл бастаманы Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырды. Нәтижесінде еліміздің оңтүстік өңірлерінен 130-ға жуық студент тартылды. Биыл бастама жаңа кезеңге қадам басады.Бұл жолы бағыт 14 қаланы, сондай-ақ 16 ауыл мен аудан орталықтарын қамтиды. Сапардың тағы бір маңызды мақсаты - ұлттық «Серпін» бағдарламасына жаңа серпіліс беру. Соңғы он жыл ішінде бұл бағдарлама мыңдаған жас қазақстандық үшін әлеуметтік мүмкіндіктер алаңына айналып, еңбек күші артық өңірлердің жастарына сапалы білім алып, кадр тапшылығы бар аймақтарда жұмыс табуға жол ашты. Қозыбаев университеті 2014 жылдан бастап «Серпін» бағдарламасын іске асыруға қатысады. Осы уақыт ішінде 1400-ден астам студент оқуларын бітірді. SERPIN WAY 2.0 командасының құрамында 24 адам бар. ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев онлайн құттықтауын жолдады: «Екінші жыл қатарынан Қозыбаев университеті бірегей жобаны жүзеге асырады. Елдің бүкіл оңтүстік аймағын қамтиды. Биыл 120-ға жуық іс-шара, талапкерлермен кездесулер өткізіледі. Сапар барысында 30-дан астам елді мекен қамтылады. Бұл балаларға толық кәсіби бағдар беру ақпаратын, ҰБТ өткізу, «Серпін» бағдарламасына қатысу бойынша кеңес алуға таптырмас мүмкіндік», - деді Руслан Емелбаев Сондай-ақ, SERPIN WAY 2.0 командасына Қозыбаев университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Байтук сәттілік тіледі. SERPIN WAY 2.0 керуені 23 сәуірде Петропавлға оралады. Аудиторияны жалпы ақпараттық қамту 600 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл сапар мыңдаған жастардың армандарын, мақсаттарын және болашағын тоғыстырып, өңірлер арасындағы нақты мүмкіндіктер алаңына айналады.31.03.2026
