Сөздәйектер галереясы
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.
Мұхтар Әуезов
Дмитрий Динер- Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің жеңімпазы
Түркістан қаласында ересектер арасындағы қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Кубогінің іріктеу кезеңі өтті. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты балуандар қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыстың екінші күні өз мәресіне жетті
Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 4-курс студенті Дмитрий Динер 82 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, І орын иегері атанды
Бұл жеңіс – спортшының табанды еңбегі мен жүйелі дайындығының жемісі. Алдағы уақытта жас спортшыға жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!
02.04.2026
