"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Педагог - жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.

А.В.Луначарский

Кітапханашыларға арналған цифрлық трансформация: білім мен ЖИ технология

Қозыбаев университетінде Солтүстік Қазақстан облысының кітапханашыларына арналған «Жасанды интеллект негіздері: медиа контент құру және заманауи мүмкіндіктер» атты семинар өтті.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының сарапшылары кітапхана қызметкерлеріне кәсіби қызметте ЖИ технологияларын пайдалану арқылы  сапалы бейне және аудио өнім жасау нұсқаулықтарын түсіндірді.

Семинар барысында қатысушылар, іс-шаралар жоспарларын автоматтандырудың заманауи әдістері, идеялар мен мәтіндерді генерациялау мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Сондай-ақ CapCut, Google AI, Studio Leonardo AI, Canva, ChatGPT, Ideogram, Lumen5 қосымшаларымен жұмыс істеу бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Семинарда әлеуметтік желілер мен сайттарға арналған визуалды контент  жасау қағидаттары қарастырылды:
* Пост және бейне материалдар үшін кескін сурет жасау;
* Кітаптар мен іс-шараларға арналған мұқабалар дайындау;
* Бейне материалда ЖИ суреттерін пайдалану.

Шараға барлығы 50-ден астам қатысушы жиналды. Жиын соңында барлығына тиісті сертификаттар табысталды.

03.04.2026