Сөздәйектер галереясы
Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн
Шабытқа, жаңа ақпаратқа толы ашық есік күндері аяқталды
Университеттегі ауқымды іс-шараға биыл Солтүстік Қазақстан облысының аудандарындағы 700 астам 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Болашақ талапкерлер Қозыбаев университетінің студенттік өмірімен танысып үлгерді. Оқушылар қабылдау талаптарына, гранттық мүмкіндіктерге, сұранысқа ие білім беру бағдарламаларына, жайлы жатақхана жағдайларына қызығушылық танытты.
Оқу ордамыздың студенттік ұйымдары мен шығармашылық ұжымдары білім алушыларға жеке тәжірибелерімен бөлісті. Шараның ең белсенді қатысушылары армандарына алғашқы қадам жасап, қабылдау комиссиясына өтініштерін тапсырды.
Алда талапкерлер маңызды қорытынды емтихандарын, Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) тапсырады. Баршаңызға сенімділік пен жоғары нәтижелер тілейміз! Сүйікті университетіміздің жаңа студенттерін асыға күтеміз!
06.04.2026
