Студенттер эссесы байқауы

"ЖАСЫЛ" ЭКОНОМИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: ОЛ ҚАНДАЙ?" АТТЫ СТУДЕНТТЕР ЭССЕСЫНЫҢ БАЙҚАУЫ

14 ақпан және 14 наурыз аралығында "Жасыл" экономика бағытындағы Қазақстан жолы: ол қандай?" тақырыбында студенттер эссесының байқауы өтеді. Байқауға қатысуға 16-24 жас аралығындағы орта-арнайы және жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады.

Байқуға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген тақырыпта қазақ немесе орыс тілінде эссе жазып, greenkaz.kz@gmail.com электронды поштасы арқылы жіберу қажет. email-дa қатысушының тегі мен аты-жөні көрсетілсін. Эссенің көлемі 1-3 бет, Microsoft Word редакторында басылған, шрифті Times New Roman - 12, жолдар - жоғары және төменгі 2 см, сол жақ 3 см, оң жақ 1,5 см. Эссе файлының атауы: Тегі, аты-жөні, әкесінің аты. Эссе мәтінінен кейін Тегі, аты-жөні, әкесінің аты, туған жылы, қаласы, оқу орны, e-mail, байланыс телефоны көрсетілуі керек.

Эссены қабылдаудың соңғы күні - 2014 жылғы 14 наурызды қоса алғанда. Жеңімпаздар 4 сәуірде ұйымдастырушылар сайтында жарияланады.

Эссены бағалаудың негізгі критерийлері - инновациялық тәсіл, ойлау өзгешелігі, талдау жасалуы, тақырыпты білуі және ол жөнінде ойлау мүмкіндігі.

Комиссияға ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты басшылық етеді.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Азаматтық Саммит аясында VII Астана экономикалық форумы аясында 2014 жылғы 21-23 мамырда Тәуелсіздік Алаңында өтеді. Жеңімпаздар ҚР Білім министрінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ, басқа да сыйлықтармен марапатталады.

Байқау туралы ереже

17.02.2014