Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Педагогика кафедрасы конференция өткізеді
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Сазды-педагогикалық факультетінің «Педагогика» кафедрасы 2014 жылдың 4 наурызында «Қазіргі қоғам жағдайындағы жастардың өзіндік сана-сезімінің қалыптасу және бейімделу мәселелері» атты Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференцияға қатысуға барлығы 35 мақала тапсырылды. Конференция жұмысы 2 кезеңде өтеді.
Пленарлық отырыс М.Қозыбаев атындағы СҚМУ №10 корпуста 11.00-12.00 уақытта 302 ауд. болады.
Секция жұмыстары 2 бағыт бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ №10 корпуста (12.00-13.30):
- 1 секция. Педагогика, психология, арнайы педагогиканың көкейкесті мәселелері. (ауд.308/10)
- 2 секция. Тұлғаның әлеуметтік даму мәселелері (ауд.312/10).
Конференцияның қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар және конференция материалдарының жинағы тапсырылады.
