Жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындары студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін мадақтау мақсатында Тұңғыш Президент Қорының шәкіртақысын тағайындау байқауы өткізіледі. Университетіміздің үш студенті аталмыш шәкіртақының иегерлері атанды, олар: Тарих, экономика және құқық факультетінің студенті Екатерина Старостина, сондай-ақ, Жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетінің екі студенті Михаил Калашников пен Серік Тұрсынбаев.
Тұңғыш Президент Қоры шәкіртақысының иегерлері - оқуда озат және университеттің ғылыми және қоғамдық өмірінің белсенді қатысушылары.
Орыс философы Петр Чаадаевтың айтуынша, «өткен шағымыз бізге бағынбайды, ал болашағымыз өз қолымызда». Шынымен де солай. Шәкіртақы иегерлеріне табыстар мен жеңістер тілейміз!