Сөздәйектер галереясы
Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.
Университет студенттері антиядролық онлайн форумға қатысты
Биыл Қазақстан Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығын атап өтеді. 10 наурыз күні университет студенттері аталмыш жайтқа орай ұйымдастырылған Респбликалық "Әлем эстафетасы - жастарға!" жастар антиядролық онлайн форумына қатысты. Барлық жоғары оқу орындарының студенттері алдында "Невада-Семей" ұлттық антиядролық қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүйлейменов сөз сөйледі.
Семей ядролық сынау полигоны Қазақстан аумағында 1949-1989 жылдары аралығында жұмыс істеді. 40 жыл ішінде мұнда 500-ге жуық ядролық қару сыналды. 1991 жылғы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық полигоны ресми түрде жабылды. Ал оның негізінде 1992 жылы Елбасының шешімімен Ұлттық ядролық орталық құрылды.
