"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Олжас Сүлейменов

ЖОО-да түлектерді алдын ала үлестіру үдерісі өткізілді

Биыл СҚМУ-дың 740 студенті жоғары білімі туралы диплом алады. Оның 325-і - педагогикалық бағыттың мамандары. Алдын ала үлестіру жұмысын сазды-педагогикалық факультеттен бастады. Қазіргі таңда 3 мамандықтың түлектері жұмысқа орналасқан: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (бұл мамандық бойынша түлектердің 100%-ы жұмысқа орналасқан), Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу және Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.

Алдын ала үлестіру бойынша бірінші болып ауылдық квота бойынша білім алған түлектерге жұмыс орындары ұсынылды. Келісімшартқа сәйкес осы категорияның түлектері 3 жыл ауылдық жерде жұмыс істеуі тиіс. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің бірқатары да жұмысқа орналастырылды.

Алдын ала үлестіру іс-шарасы университетімізде өткен аптада өткен бос қызмет орындарының жәрмеңкесінің жалғасы болып 20 мамырға дейін созылды. Бұл іс-шараға СҚО Білім басқармасының мамандары да қатысты.  

Қазіргі уақытта педагогтерге Солтүстік Қазақстанның еңбек нарығы 400-ге жуық бос қызмет орнын ұсынып отыр. Бұл - қалалық және аудандық мектептерде жұмыс істеу. Соңғы деректер бойынша, сазды-педагогикалық факультеттің педагогикалық мамандықтарының 60-қа жуық түлегі дипломмен ауылға жұмыс істеуге барады.  

23.05.2016